Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Польшаның Быдгощ қаласында өтіп жатқан жұптық турнирдің 1/8 финалындағы қарсыластарын білді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық бірінші айналымда жергілікті спортшы Мартина Кубокамен бірге неміс жұбы Эмили Зайболд және Анджелина Вирджеспен кездеседі. Матч 22 тамызға Астана уақытымен 18:00-ге жоспарланған.

Айта кетейік, Польшадағы матчтар сазда ойналады. Турнир жеңімпаздары жұптар арасындағы рейтингтік кестеде 25 рейтингтік ұпайға ие болады.