АҚШ ашық чемпионатының ұйымдастырушылары ерлер арасында іріктеу турнирінің жеребе нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің іріктеу кезеңінде қазақстандық Тимофей Скатов пен Михаил Кукушкин сынға түседі.

Скатов алғашқы матчында жапониялық Каичи Учидамен (АТР рейтингінде 240-орын) күш сынасады. Кукушкин іріктеудің алғашқы айналымында италиялық Маттия Беллуччимен (АТР-де 184-орын) кездеседі.

Әйелдер арасында жекелей сында Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева, ал жұптық сында Анна Данилина өнер көрсетеді. US Open іріктеу матчтары 22-27 тамыз арасында өтеді.

Турнирдің жалпы жүлдеқоры - 29 488 400 доллар. Теннисшілер іріктеудің бірінші айналымында жеңгені үшін 22 мың доллар, ал екінші айналымындағы жеңісі үшін 34,5 мың, финалдағы табысы үшін 45 мың доллар алады.