Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың Финляндия және Солтүстік Ирландиямен өтетін матчтарға шақырылған ойыншыларының кеңейтілген тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тіллшісі федерация сайтына сілтеме жасап.

Тізімге 33 футболшы енді.

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»), Александр Заруцкий («Астана»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Бағдат Қайыров, Роман Асранкулов (екеуі де – «Тобыл»), Александр Марочкин, Михаил Габышев, Тимур Досмағамбетов, Ян Вороговский (барлығы – «Астана»), Еркін Тапалов («Қызылжар»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Лев Скворцов («Химки», Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан (екеуі де – «Ордабасы»), Бақтиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Максим Самородов, Арман Кеңесов (екеуі де – «Ақтөбе»), Аслан Дарабаев, Эльхан Астанов, Исламбек Қуат, Абзал Бейсебеков (барлығы – «Астана»), Рамазан Оразов, Ислам Чесноков (екеуі де – «Тобыл»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов, Владислав Прокопенко (екеуі де – «Астана»), Вячеслав Швырев («Қайрат»), Рамазан Кәрімов («Мақтаарал»), Иван Свиридов («Шахтёр»);

Жаттықтырушылар штабы: Магомед Адиев – бас бапкер, Евгений Коструб – бас бапкердің көмекшісі, Руслан Балтиев – бас бапкердің көмекшісі, Валерий Ситало – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ерлан Ибраим – дене даярлығы жаттықтырушысы, Амаль Сыздықов – сарапшы бапкер, Эльшад Хинизов – бейнеоператор.

Оқу-жаттығу жиыны 31 тамызда Астанада басталады. Ойыншылардың нақты тізімі кейін белгілі болады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы қыркүйек айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде екі матч өткізеді. 7 қыркүйек күні Магомед Адиев командасы Финляндияны қабылдайды. Ойын елорда уақытымен 20:00-де басталады. Үш күннен кейін біздің құрама Солтүстік Ирландиямен ойнайды. Кездесудің басталуы 19:00-ге жоспарланған. Екі матч та «Астана Арена» стадионында өтеді.