«Бешікташ» өкілдері түркиялық клуб ПСЖ мен «Реалдың» экс-қорғаушысы Серхио Рамосты қатарына қосады деген қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Бұл трансфер болмайды, қаржылық тұрғыда оны орындауға мүмкіндігіміз жоқ», — деп келтірді танымал инсайдер Фабрицио Романо «Бешікташ» мәлімдемесін.
Еске салайық, 37 жастағы Рамос осы жазда ПСЖ-дан кеткеннен кейін еркін агент болып жүр.
Қазір «Бешікташ» сапында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов өнер көрсетеді.
Комментарии