ЦСКА-ның бұрынғы бас бапкері Виктор Гончаренко Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдиновтің ыстамбұлдық «Бешікташқа» ауысуы туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

«Баха жарады. Ол еңбекқорлығы, жұмысқа қабілеті, тырысуы мен мінезінің арқасында «Ростовта», кейін ЦСКА-да өз жолын тапты. «Бешікташқа» ауысуы – карьерасындағы жаңа сынақ. Оған сәттілік тілеймін, өз ойынын көрстіп, жақсы титулдар жеңіп алсын», – деді Гончаренко.

Виктор Гончаренко ЦСКА бас бапкері қызметін 2016-2021 жылдар арасында атқарған.

Еске салайық, Бақтиер Зайнутдинов «әскерилер» сапында 2020-2023 жылдар аралығында өнер көрсетті.