«Қайраттың» бразилиялық шабуылшысы «Ордабасыдан» жеңілгені туралы айтты (0:1).

– Жоао, ойын бойынша пікіріңіді айта кетсең.– Менің ойымша, ойын тамаша болды. Өкінішке қарай, біз алға қойған мақсатқа жете алмадық. «Ордабасының» стандарттан жақсы ойнайтынын білдік. Ойынның соңында бізге аздап сақтық жетіспеді.

– Гол соғу үшін командаға не жетіспеді?– Пайдалана алмаған, гол соғатын мүмкіндігіміз көп болды. Мұндай жағдай қайталанбауы үшін көп жұмыс істей беруіміз керек.

– Команданың келесі матчқа деген дайындығы қандай?– Алдағы «Астанаға» қарсы ойында бізге жанкүйерлердің қолдауы өте қажет. Толық трибунаның алдында ойнаған керемет. Матчта жеңіске жету үшін күш береді.