WTA жеке және жұптық сындағы спортшылардың жаңартылған рейтингін жариялады.

Елена Рыбакина төртінші орында қалды. Юлия Путинцева бұрынғысынша 79-орында тұр.

18 жастағы Аружан Сағандықова рейтингіде тағы да көтерілді. Ол алдыңғы аптада ғана 958-орында болса, қазір 871-орында тұр (+87).

Жұптық сында Анна Данилина тағы да екі сатыға төмендеп, 28-орынға тұрақтаса, Жібек Құламбаева 178-орынға жайғасты.