«Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев Қазақстан OLIMPBET-Чемпионаты аясында өткен «Қайратқа» (1:0) қарсы матч туралы айтты.

- Өте эмоционалды матч...- Өте дұрыс айтасыз. Десе де тек эмоционалды емес, өте көп күш жұмсалған матч болды. Бірақ жанкүйерлер үшін қызық, бапкерлер үшін уайымға толы өтті.

Өкінішке қарай, бірінші таймда екі мәрте ойыншыларымызды мәжбүрлі түрде алмастырғанымыз әлеуетімізді шектеді. Бірақ құдайға шүкір, алаңға тыңнан шыққан футболшыларымыз жақсы ойын көрсетті.

Қарсыласқа лайықты бағасын берген жөн. Өте мықты ойын көрсетті. Гол соғатын мүмкіндіктері болғанымен біздің бапкеріміз керемет ойын үлгісін көрсете алды. Ауыр матч, бірақ өте маңызды. Бұл бәріміздің жеңісіміз.

Ойынның екінші бөлігінде шабуылға шығып, қысым көрсетті. Соңында стандартты жағдайдың бірінде өз мүмкіндігімізді қолдана алдық. Жігіттерге көп рахмет. Дәстүрлі түрде стадионды толтырып, орындарынан кетпей соңына дейін сенген жанкүйерлерімізге алғыс.