Ыстамбұлдың «Бешикташ» командасы Түркия футбол федерациясы сайтында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдиновпен жасалған келісімшартты тіркеді.

Федерацияның ресми сайтында Зайнутдиновтың ыстамбұлдық клубпен келісім-шарты биылғы жылдың 18 тамызынан басталғаны көрсетілген. Оның аяқталы мерзімі - 2027 жылдың 30 маусымы.