«Астана» Испанияда өтетін «Испания Вуэльтасы» көпкүндік веложарысына қатысатын құрамын жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Үш Гранд Турдың бірі 26 тамыз бен 17 қыркүйек аралығында өтеді.

Команда құрамы: Давид де ла Крус (Испания), Луис Леон Санчес (Испания), Хавьер Ромо (Испания), Джо Домбровски (АҚШ), Самуэле Баттистелла (Италия), Фабио Феллине (Италия), Андрей Зейц (Қазақстан), Вадим Пронский (Қазақстан).