Қазақстандық теннисші Анна Данилина Кливлендте (Огайо штаты, АҚШ) өтіп жатқан WTA турнирінің жұптық сынында алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз турнирдің 1/8 финалында Тайвань теннисшісі Шувэй Семен бірге грузин-чехиялық Оксана Калашникова — Мириам Колодзиэёва жұбынан жеңілді.

1 сағат 19 минутқа созылған кездесу 4:6, 6:3 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, Данилина WTA-ның жұптық рейтингінде 28-орында тұр. Бұл қазақстандық теннисшілер арасындағы үздік көрсеткіш.