OCTAGON Еуразиялық лигасы OLIMPBET-пен бірге ұйымдастырған OCTAGON SELECTION 25 турнирі аясында кезекті жекпе-жек өтті, деп жазады Prosports.kz

Жартылай жеңіл салмақта кәсіпқой деңгейдегі дебютанттар – өзбекстандық 19 жастағы Жавохир Абдуғаниев пен 30 жастағы қазақстандық файтер Тілек Тапанов кездесті.

Кездесу алғашқы раундта аяқталды. Өзбек файтері сенімді жеңіске жетті.