Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) үздік спортшылар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлемнің бірінші ракеткасы атағын польшалық Ига Швентек сақтап қалды, екінші орында — беларусьтік Арина Соболенко, ал үздік үштікті америкалық Джессика Пегула түйіндеп тұр.

Қазақстандық Елена Рыбакина төртінші орында қалды.

Айта кетейік, Рыбакина таяуда АҚШ Ашық чемпионатына қатысу үшін Нью-Йоркке ұшып кеткен болатын.

Қазақстандық тағы бір теннисші Юлия Путинцева 79-орында.