Екінші орта салмақта абсолют әлем чемпионы Сауль Альварес бокс ұнамайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен боксты жақсы көрмеймін. Маған бокс ұнамайды, бизнес ұнайды. Бокс көргенді ұнатпаймын. Ұлым боксшы болғысы келеді. Мен оны қаламаймын, бірақ бұл менің таңдауым емес. «Жарайды, бір-екі жылдан кейін спарринг жасайсың, басыңа соққы тиеді, содан кейін боксшы болғың келе ме, жоқ па - көреміз» деп айтамын», - дейді Альварес Breakfast Club-қа берген сұхбатында.

Еске салайық, Сауль Альварес кәсіпқой бокста 63 жекпе-жек өткізіп, оның 59-ында жеңіске жеткен. 30 қыркүйекте ол америкалық Джермелл Чарломен жұдырықтасады.