«Зениттің» бас бапкері Сергей Семак «Спартакқа» (3:1) қарсы матчта бразилиялық Ренан неге қосалқы құрамда қалғанын түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ренан қосалқы құрамда қалды, себебі Әліп әуеде жақсы ойнайды, бірге-бір ойыны да жақсы.

Біз оны ақырындап үйретіп жатырмыз, ол негізгі құрамда болуға лайық. Бұл жақсы бәсекелестік», — деді Семак.

Айта кетейік, «Зениттің» қазақстандық қорғаушысы Нұралы Әліп негізгі құрамда шығып, ойынды толық өткізді.