Орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) руы туралы сұраққа жауап берді, деп жазады Prosports.kz.

Әлімханұлы Instagram Stories-те оқырмандардың «руының кім?» деген сұрағына жауап берді.

«Ру туралы көп сұрақ түсіпті. Осыған байланысты интернетте де түрлі ақпарат бар сияқты. Руым - Уақ. Бірақ руды айтып, румен мақтанатын адам емеспін. Ұлттың абыройын асқақтау басты мақсатым. Ру бөлінуге емес, білісуге жақсы», - деп жазды Әлімханұлы.

Шетелдік БАҚ хабарлағандай, Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін 14 қазан күні Розенбергте (Техас, АҚШ) өткізеді, қарсыласы орта салмақтағы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Винченцо Гуальтьери (21-0-1, 7 КО) болады.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы кейінгі жекпе-жегін мамырда Стоктонта (Калифорния штаты, АҚШ) канадалық Стивен Батлерге қарсы өткізіп, екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.