Санкт-Петербургтік «Зенит» РПЛ-дың бесінші турында мәскеулік «Спартакты» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мәскеуде өткен ойын 3:1 есебімен аяқталды. Вендел дубль жасаса, Матео Кассьерра бір гол соқты.

81-минутта Александр Соболев пенальти орындап, «Спартак» сапында гол соқты.

Айта кетейік, «Зениттің» қазақстандық қорғаушысы Нұралы Әліп негізгі құрамда алаңға шығып, 90 минут өнер көрсетті.