20 тамызға қараған түні Нэшвилл-Интер Майами лигасы кубогының финалы өтті. Кездесу Херардо Мартино командасының жеңісімен (1:1, пен. 10:9) аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Интер Майами» құрамында Лионель Месси гол соқты. Аргентиналық үшін бұл доп турнирдегі 10-шы болды, соның арқасында ол Лига кубогының үздік бомбардирі атанды.

Месси үшін бұл жүлде оның мансабындағы 44-ші. Бұл көрсеткіш бойынша ол бразилиялық Дани Алвесті басып озып, бірінші орынға шықты.