Елорда уақыты бойынша 19 тамыздан 20 тамызға қараған түні Бостонда (АҚШ) UFC 292 нөмірлі турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтың қазіргі чемпионы Альджмейн Стерлинг пен екінші нөмір Шон О'Мэлли кездесті.

Шон қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіл салмақта UFC чемпиондық белбеуінің иегері атанды.

Еске салайық, Стерлинг аралас жекпе-жек бойынша барлығы 27 жекпе-жекке қатысып, 23 жеңіске жетіп, төрт рет жеңіліске ұшыраған.

О'Мэллидің 19 жекпе-жегі бар, оның 17-сінде жеңіске жетті (12-сі нокаутпен), бір жеңіліске ұшырады, ал оның қатысуымен өткен тағы бір жекпе-жек жарамсыз деп танылды.