Бостонда өткен турнирде негізгі кардтың жартылай орта салмақ дәрежесінде Йен Гарри Нил Магниді жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осылайша ирландиялық файтер UFC-дегі қатарынан алтыншы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Қазіргі уақытта Ян жартылай орта салмақта 13-ші орында. 36 жастағы Магни тізімде 11-ші қатарда.

Гарри кәсіпқой мансабындағы 13 жекпе-жекте 13 рет жеңіске жетіп, бірде-бір жеңіліске ұшыраған жоқ.

Осы жеңісінен кейін Ян UFC жартылай орта салмақтағы қазіргі ең ұзақ жеңіс сериясында Шавкат Рахмоновты басып озды. Қазақ спортшысы қатарынан бес жекпе-жекте қарсыластан басым түсті.