WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) келесі жекпе-жегі туралы жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Тарихтың екінші бетін жазуды бастадық! Чемпион болу бір басқа, тарихи жекпе-жектерді өткізіп, із қалдыру бір басқа! Жақында ресмиленеді бұйыртса!", - деп жазды ол сторисінде.

Ол кейінірек жазба жариялап, 4 белбеуді де жинайтынын айтты.

"Құдай қаласа 4 белбеуді жинаймыз, ағайын! Qazaq style-ды тарихта қалдырамыз!", - деп жазды ол жазбасында.Жәнібек Әлімханұлының IBF белбеуіне ие германиялық Винченцо Гуальтьеримен (21-0-1, 7 КО) жекпе-жекке шығады. Бұл айқас Top Rank промоутерлік компаниясы 14 қазан АҚШ-тың Розенберг қаласында ұйымдастыратын бокс кешіне жоспарланған.