Әйелдер арасындағы әлем чемпионатында үшінші орын үшін өткен матчта Швеция құрамасы Аустралияны 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sportarena.com сайтына сілтеме жасап.

Швеция құрамасы бірінші таймның ортасында алға шықты – пенальтиден Фридолина Рольфе гол соқты. Үзілістен кейін Косоваре Асллани матчтың нүктесін қойды.

Швеция әйелдер құрамасы тарихында төртінші рет әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Әйелдер арасындағы әлем чемпионатының финалдық кездесуінде Испания мен Англия құрамалары кездеседі. Матч 20 тамызда өтеді. Ойын елорда уақытымен 16:00-де басталады.

Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты. 3 орын үшін матчШвеция — Аустралия — 2:0 (1:0)

Голдар: Рольфе, 30, пенальтиден, Асллани, 62

Фото: Getty Images