«Порту» мен Португалия құрамасының жартылай қорғаушысы Отавио Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

O Jogo мәліметінше, клубтар 28 жастағы футболшының трансфері бойынша 60 миллион еуроға келісіп қойған, бірақ енді олар төлем шарттарын келісулері керек. Саудиялық клуб 20 миллионды бірден төлепі, қалған 40 миллионды екіге бөліп төлеудә ұсынған. Ал «Порту» бірінші төлемге көп соманы алуды жоспарлап отыр.

Отавионың «Портумен» келісімшарты 2025 жылдың маусымына дейін есептелген. 2022/23 маусымында ол команда сапында барлық турнирлерде 44 матч өткізіп, 7 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді.