«Астананың» бұрынғы ойыншысы Аздрен Лулаку Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында елордалық клубтың Конференция лигасындағы албаниялық «Партизаниге» қарсы алдағы матчы жайында ойын айтты.

«Әрине, бірінші ойын, менің ойымша, «Астана» үшін өте маңызды, өйткені өз алаңында жеңіске жету керек. «Астана» өз алаңында жанкүйерлері алдында жеңіске жетіп, Албаниядағы сырт алаңда жақсы нәтижеге қол жеткізуге тырысады. «Партизани» – сапалы ойыншылары мен білікті бапкері бар жақсы команда, бірақ менің ойымша, «Астананың» сапасы мен жеңіске жету мүмкіндігі көбірек», – деді албаниялық ойыншы.

Еске салайық, «Астана» Конференция лигасының топтық кезеңіне шығуы үшін албаниялық «Партизаниден» өтуі керек. Алғашқы ойын 24 тамызда елорда уақытымен 20:00-де «Астана Аренада» өтеді. Ал қарымта кездесу 1 қыркүйекке қараған түні Албанияда болады.