Атыраулық дзюдошы Айболат Ыстыбай Хорватиядағы Гран-при турнирінің қол жүлдегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Хорватия астанасы Загреб қаласында дзюдодан Гран-при додасы өтіп жатыр. Оған 83 елден 500-ден астам спортшы қатысуда.

Атырау облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Айболат Ыстыбай ел қоржынына алғашқы медаль салды.

Қазақстан намысын қорғайтын құрама сапындағы спортшы 66 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін белдесуде Кипр өкілі Георгиос Баларджишвилимен кездестті. Ол қарсыласына берілген шидо арқылы жеңіске жетті. Бұл – аталған турнирде ел қоржынына түскен алғашқы медаль.

Еске сала кетелік, бұған дейін Дзюдодан әлемдік Гран-при жарысына Қазақстаннан кімдер баратыны хабарланған еді.

Әлемдік додаға Қазақстаннан 11 спортшы қатысып жатыр. Олар – әйелдерде арасындағы 48 келі салмақта Әбиба Әбужақынова, ерлерден 60 келіде Дамир Болатбеков, Мерей Марханбетов, 66 келіде Есет Қуанов, Айболат Ыстыбай, 73 келіде Бақытжан Абдурахманов, Дархан Қойбағар, 81 келіде Айбар Мұқышев.

Ал, 100 келіге дейінгі салмақта Бекзат Шағатаев пен Ислам Бозбаев, 100 келіден салмақта Жамбыл Тұрғыналиев ел намысын қорғайды.

Сондай-ақ, бұған дейін атыраулық спортшы Жеңіс Нұрлыбаев джиу-джитсудан әлемнің екі дүркін чемпионы атанғаны хабарланған болатын.

Моңғолиядағы әлем чемпионатында Жеңіс Нұрлыбаев 56 келіде сынға түсті. Ол қарсыластарының бәрінен басым түсіп, джиу-джитсудан әлемнің екі дүркін әлем чемпионы атанды.