«Вердер» Германия чемпионатының алғашқы турында өз алаңында «Бавариядан» 0:4 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Лерой Сане (4 және 90-минут), Гарри Кейн (75) және Матис Тель (90+4) гол соқты.

Кейн голдан бөлек нәтижелі пас берді. Ол Бундеслигадағы дебютінде гол соғып, нәтижелі пас берген тарихтағы алғашқы англиялық ойыншы атаныд.

Кейн сонымен қатар Бундеслигадағы дебютінде гол соққан екінші ағылшын футболшы атанды. Мұндай жетістікке 2018 жылы Рис Нельсон «Хоффенхайм» сапында жеткен.

Англия құрамасының үздік бомбардирі 12 тамызда «Тоттенхэм Хотспурдан» «Баварияға» ауысты. 30 жастағы шабуылшымен келісімшарт 2027 жылдың 30 маусымына дейін жасалған.

«Бавария» бұл трансфер үшін рекордтық 100 миллион еуро жұмсады. Бұдан бөлек тағы 20 миллион еуро бонус бар.