Жеңілмеген UFC файтері Шавкат Рахмонов сегізбұрышта жартылай орта салмақтағы бұрынғы Лига чемпионы Камару Усманмен кездесуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен дайынмын. Ол Шавкатпен төбелеспеймін, бірінші титулға қол жеткізсің деді. Маған бәрібір, егер қаласа, қайда екенің айтсың (күлді). Мен дайынмын: Усман ба, басқасы ма - бәрібір. Усман екеуміз ешқашан бірге жаттыққан емеспіз. Алғаш жаттығу залына келгенде мені қарсылас ретінде көрді. Ол менің жақын арада оған жететінімді түсінді», - деді Рахмонов NAIZA TV Youtube арнасына берген сұхбатында.

Бұған дейін Усман Рахмоновпен тек UFC титулы үшін жұдырықтасуға дайын екенін айтқан болатын.