Бакуде басталған аралас жекпе-жектен Еуразиялық жекпе-жек лигасы – OCTAGON 48 турнирі аясында кештің алғашқы жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңіл салмақта екі әзірбайжандық Турак Әлиев (1-0) мен Хасан Хасанов (2-1) кездесті.

Екінші бес минуттық кезеңде 18 жастағы Әлиев техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Ауқымды кештің басты жекпе-жегінде әзірбайжандық Гундуз Набиев (6-4) пен өзбек Ислом Болтаев (3-2) орта салмақтағы «уақытша» чемпиондық белбеуінің иесін анықтайды.