Килиан Мбаппе ПСЖ сапына оралып, «Тулузаға» қарсы ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

24 жастағы ойыншы париждік клубпен келісімшартын ұзартудан бас тартуына байланысты негізгі командадан шеттетілген болатын. Ол Лига 1 алғашқы турында «Лорьянға» (0:0) қарсы ойнамады. Сол ойыннан кейін клуб пен ойыншының ара-қатынасы жақсарып, Килиан командаға оралған еді.

«Килиан нағыз бабында, ниеті түзу. Менің құрамымда әлемдік деңгейдегі ойыншы барына қуаныштымын», – деді ПСЖ бас бапкері Луис Энрике.