«Интер Майами» мен Аргентина ұлттық құрамасының шабуылшысы Лионель Мессидің бар ойын «Алтын допты» сегізінші рет жеңіп емес, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аргентиналық форвард бұл мәртебелі марапатты 2009, 2010, 2011, 2012, 2015, 2019 және 2021 жылдары алған.

— «Алтын доп» - керемет жекелей марапат, бірақ мен үшін командалық кубоктар әрқашан маңыздырақ болды. 2022 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жеткеннен кейін мен бұл жүлде туралы көп ойламайтын болдым.

Маған мүмкін болатын барлық жүлделерді жеңіп алу бұйырды. Қазір мен тек ойыннан ләззат аламын және «Интер Майамиге» командалық кубоктарды жеңіп алуға көмектескім келеді», - деп келтіреді Мессидің сөзін Tuttosport.

Алдағы жексенбі, 20 тамызда Месси жаңа командасы «Интер Майамимен» бірінші жүлдені жеңіп алуы мүмкін. Флорида клубы Leagues Cup финалында «Нэшвиллге» қарсы ойнайды.