Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Польшаның Гродзиск-Мазовецкий қаласында өтіп жатқан "Челленджер" сериясындағы турнирдің жартылай финалына шықты.

Қазақстандық теннисші енді ширек финалда әлемнің 345-ракеткасы француз Максим Жанвьемен ойнады. Денис Евсеев қарсыласын 6:3, 3:6, 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті.

Евсеевтің жартылай финалдағы қарсыласы кейінірек анықталады.

Еске салайық, бұған дейін Денис Евсеевтің Польшаның Гродзиск-Мазовецкий қаласында өтіп жатқан "Челленджер" сериясындағы турнирдің ширек финалына өткенін хабарлаған едік.