Қазақстандық «Тобыл» Конференция лигасының плей-офф сатысына шықты.

Қазақстандық команда үшінші іріктеу сатысында Солтүстік Ирландияның «Дерри Сити» командасымен шеберлік байқасты.

Кездесу барысында екі команда шабуылға көбірек көңіл бөлді. Екеуінің де гол соғатын мүмкіндігі бар еді. Нәтижесінде «Дерри Сити» сапынан Уильям Петчинг 15-минутта қостанайлық клуб қақпасына белгіленген пенальтиден мүлт кеткен жоқ.

Осылайша қостанайлықтар 0:1 есебімен жеңілді.

Алғашқы кездесуде «Тобыл» аталған қарсыласынан 1:0 есебімен басым түскен еді.

Екі ойынның нәтижесімен есеп теңесіп, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда есеп өзгерген жоқ. Пенальти сериясында «Тобыл» жеңімпаз болды.

Енді олар плей-офф сатысында Чехияның «Виктория» Пльзень (Чехия) командасымен кездеседі.

«Дерри Сити» (Дерри, Солтүстік Ирландия) – «Тобыл» (Қостанай, Қазақстан) – 1:0, 5:6 пен (1:0, 0:0, 0:0, 0:0)

Бірінші матч – 0:1

Гол: Петчинг 15 (с пенальти – 1:0)

Төреші: Кралович (Словакия)