«Астана» болгариялық «Лудогорецтен» жеңіліп, Еуропа лигасынан ұшып кетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Турнирдің үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта елордалықтар өз алаңында «Лудогорецті» 2:1 есебімен жеңген болатын. Сондықтан Болгарияда тең нәтиже де жеткілікті еді.

Матчтың 25-минутында Бернард Текпетей есеп ашты, ортаға ығысып, дәлдік танытты. Бірақ «Астана» қажетті есепке төрт минуттан соң қол жеткізе алды - Дембо Дарбо таразы басын теңестіріп тастады.

Командалар үзіліске дәл осы есеппен кетті. Ал екінші таймда тек болгариялықтар гол соқты.

47-минутта Якуб Пётровский алыстан жақын бұрышты дәл көздеді. Екі минуттан соң Текпетей оң қанатта екі қорғаушыдан өтті де, алыс тоғыздыққа жойқын соққы жасады - Йосип Чондрич тағы да шарасыз қалды.

58-минутта Якуб Петровский дубль жасаса, артынша Кирил Десподов та қанжығасын майлады.

Осылашйа, 5:1 есебімен жеңген болгариялық клуб Еуропа лигасының плэй-офф кезеңіне шықты. Онда нидерландтық «Аякспен» күш сынасады.

Ал «Астана» енді жарыс жолын Конференция лигасында жаластырады. Турнирдің плэй-офф кезеңінде елордалықтар албаниялық «Партизанимен» күш сынасады.

Еуропа лигасы. 3-іріктеу кезеңі. Бірінші матч - 2:1

«Лудогорец» (Болгария) - «Астана» 5:1

Голдар: Текпетей 25, 49, Петровский 47, 58, Десподов 67 - Дарбо 29