ЦСКА коммуникациялар жөніндегі директоры Кирилл Брейдо Бахтиер Зайнутдинов «Бешікташқа» ауысқанын растап, футболшының кеңсе қызметкерлерімен қоштасуын көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі спорт24 сайтына сілтеме жасап.

«БАҚ дұрыс хабарлағандай, ЦСКА мен «Бешікташ» Зайнутдиновтің трансфері бойынша келісімге келді. Клуб Бахаға қарсы келмеді, бүгін ол Ыстамбұлға медициналық тексеруден өтуге кетті.

Бажа командамен базада қоштасып, одан кейін кеңсе қызметкерлерімен қоштасу үшін стадионға келді.

Егер клубтар келіскен барлық шарт орындалса, трансфер келісімшарты күшіне енеді. Әрине, бұл туралы қосымша хабарлаймыз», - деп жазды Брейдо Telegram-арнасында.