«Ақтөбе» УЕФА Конференция лигасымен қоштасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің үшінші іріктеу кезеңінде ақтөбеліктер румыниялық «Сепсимен» кездесті. Алғашқы ойында «Ақтөбе» сырт алаңнен тең нәтижемен оралған - 1:1.

Ал Ақтөбедегі матчта қазақстандық командаға тек жеңіс қажет болды. Бірінші таймда есеп ашылмады. Бірақ қонақтар көбірек доп ұстап, шабуылда белсендірек болды.

Соның арқасында румын командасы гол соғып кетті. 67-минутта Николае Паун бұрыштан әуелеген допты «Ақтөбе» қақпасында тулатты.

Бұл голдан кейін алаң иелері таразы басын теңестіре алмады. 0:1 - «Ақтөбе» өз алаңында жеңіліп, еурокубокпен қош айтысты.

Конференция лигасы. Үшінші іріктеу кезең. Бірінші матч - 1:1

«Ақтөбе» - «Сепси» (Румыния) 0:1 (0:0)

Гол: Паун 67