«Ақтөбе» және Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысы Валерий Коробкин УЕФА Конференция лигасы үшінші іріктеу кезеңіндегі «Ақтөбе» мен румыниялық «Сепси» арасындағы қарымта ойын туралы пікірін бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ақтөбенің» өз алаңындағы матчы тартысты болады. Бұл ойында қарсыластардың мүмкіндіктері бірдей, нақты фаворитті айта алмаймын. Көп гол соғылып, матч қызық әрі тартысты өтеді деп сенемін. Ақтөбедегі жанкүйерлер ерекше және олар команданы алға жетелейді. Нәтижені болжам мүмкін емес. 2:2 болсын. Бірақ кейін, әрине, келесі кезеңге «Ақтөбе» өтеді», — деді экс-футболшы Legalbet.kz сайтына.

«Сепси» мен «Ақтөбе» арасындағы алғашқы матч тең аяқталған болатын — 1:1.