Екінші орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы Сауль Альварес екі салмақта UFC-дің экс-чемпионы Конор Макгрегормен жекпе жек өткізу туралы ұсынысқа жауап берді.

«Оны жын ұрған. Конор? Боксшы мансабымды аяқтаған соң жұдырықтасып қалуым әбден мүмкін», – деді Альварес.

Канело30 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында Джермалл Чарломен жұдырықтасады. Жекпе-жектен кейін нәтижеге қарамастан Чарло WBO титулынан айырылады, ол автоматты түрде міндетті қарсыласы Тим Цзюге (23-0) өтеді.