Prosports.kz назарларыңызға УЕФА Конференция лигасы 3-іріктеу кезеңіндегі «Ақтөбе» — «Сепси» және «Дерри Сити» — «Тобыл» матчының тікелей трансляциясын ұсынады.

Қарымта кездесулер өтеді.

Бейсенбі, 17 тамызда «Ақтөбе» румыниялық «Сепсиді» қабылдайды.

«Ақтөбе» — «Сепси» матчы Астана уақытымен 22:00-де басталады. Бұл кездесуді «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Бір апта бұрын сырт алаңда өткен ойын 1:1 есебімен аяқталған.

Ал 17 тамыздан 18 тамызға қараған түні Дублинде (Ирландия) «Дерри Сити» — «Тобыл» матчы өтеді. Кездесудің тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 00:35-те басталады, ойынды «Qazaqstan» телеарнасынан көруге болады.