17 тамыздан 18 тамызға қараған түні Разградта (Болгария) Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында «Лудогорец» — «Астана» матчы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Лудогорец» — «Астана» матчының тікелей трансляциясы елорда уақытымен 00:00-де басталады, кездесуді «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.

Бір апта бұрын Астанада өткен алғашқы ойында елордалық команда 2:1 есебімен жеңіске жеткен.

Айта кетейік, егер «Астана» екі матч қорытындысы бойынша «Лудогорецті» жеңсе, Еуропа лигасының плэй-офф кезеңінде нидерландтық «Аякспен» кездеседі. Бұл матчтар 24 және 31 тамызда өтеді.

Ал егер Григорий Бабаян шәкірттері жеңіліп қалса, Конференция лигасының плэй-офф кезеңіне өтеді, онда «Валмиера» (Латвия) – «Партизани» (Албания) матчының жеңімпазымен күш сынасады.