Қазақстан өкілі Елена Рыбакина Цинциннатидегі турнирдің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол екінші айналымда латвиялық Елена Остапенконы 6:7 (6:8), 6:2, 6:4 есебімен ұтты.

Кездесу 2 сағат 19 минутқа созылды.

Келесі айналымда Рыбакина италиялық Жасмин Паолинимен кездеседі.