АҚШ-та Лига кубогының жартылай финалы өтті, онда Филадельфия «Интер Майамиден» 1:4 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңімпаздар сапында Йозеф Мартинес, Лионель Месси, Хорди Альба және Давид Руис гол соқса, алаң иелері сапында Алехандро Бедоя гол соқты.

Еске салайық, Месси Лига Кубогында қатарынан 6-шы ойында «Интер» үшін гол соғып отыр. Оның командасы финалда «Монтеррей» - «Нэшвилл» текетіресіндегі жеңімпазбен ойнайды.