Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Instagram парақшасында келесі жекпе-жегіне дайындалып жатқанын көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жәнібек әлеуметтік желідегі парақшасында жаттығу барысынан видео жариялап, «Бастаймыз!» деп жазды.

Бұған дейін ол әлеуметтік желіде «қазан айы қызық болады» деп мәлімдеген.

Айта кетейік, қазақстандық әлем чемпионы кейінгі жекпе-жегін мамыр айында Стоктон қаласында (Калифорния, АҚШ) өткізді, онда канадалық Стивен Батлерді (32-4-1, 26 КО) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.