ПСЖ шабуылшысы Неймар «Аль-Хиляль» клубына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы саудиялық клуб Twitter-дегі ресми парақшасында хабарлады.

Журналист Фабрицио Романоның хабарлауынша, бразилиялық шабуылшы «Аль-Хилальмен» екі жылдық келісімшартқа отырды. Неймардың жалақысы ықтимал бонустар мен коммерциялық келісімдерді қосқанда 2025 жылға қарай 400 миллион еуроға жетуі мүмкін.

Айта кетейік, 31 жастағы Неймар өткен маусымда ПСЖ сапында 29 матчқа қатысып, 18 гол соқты және 17 нәтижелі пас берген.