Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Польшаның Гродзиск-Мазовецки қаласында өтіп жатқан турнирдің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Евсеев бірінші айналымда жергілікті теннисші Томаш Беркиетаны жеңді. Кездесу 6:3, 6:1 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, отандасымыз екінші айналымда 22 жастағы чехиялық Томаш Махачпен кездеседі.