Аса ауыр салмақтағы чемпиондық атаққа бұрынғы үміткер Кевин Джонсон кімдерді тарихтағы ең үздік ресейлік боксшы деп санайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Джонсон Match TV арнасына берген сұхбатында айтқандай, бұл атақты оның салмақ санатындағы әріптесі Александр Поветкин алуы керек. Бұл ретте Кевин «Орыс рыцарын» жартылай орта салмақтағы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Костя Цзюден де жоғары қойды.

- Тарихтағы ең үздік ресейлік боксшы кім деп санайсыз?

- Бұл Александр Поветкин.

– Көбісі мұндай сұраққа жауап бергенде Константин Цзю дейді.

— Жоқ, Поветкин. Барлық жағынан мықты. Ол ақылды, төзімді, рингте тамаша қозғалады.