Naiza лигасының бұрынғы чемпионы Әліби Ыдырыс Naiza TV арнасына берген сұхбатында UFC-ге ауысуды мансабындағы басты мақсаты деп санайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Мен қазір 28-демін, [мансап жолыма] тура 6-7 жыл қалды. Мен бұйырса UFC-ге ауысқым келеді. Ал сонда 35-тен кейін демалуға, зейнетке шығуға болады (күледі).

Ыдырыс барлық жекпе-жегін Найзада өткізді, ал қазақ промоушенінде файтер 8-0 есебімен рекорд жасады. Маусым айында өткен соңғы кездесуінде ол бразилиялық Алиссон Фернандес Сильваны бірауыздан ұтты.