Жұптық сындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина Цинциннатидегі турнирдің екінші айналымына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Данилина бірінші айналымда грузиялық спортшы Оксана Калашниковамен жұптасып, Сюй Ифань (Қытай) / Т.Михаликова (Чехия) дуэтінен жеңіліп қалды.

Матч 6:3, 4:6, 7:10 есебімен аяқталды.

Кездесу 1 сағат 43 минутқа созылды.