Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2023 жылдың шілде айындағы үздік ойыншысын анықтау мақсатында Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының бапкерлері мен капитандары арасында сауалнама өткізді.

Сауалнама қорытындысы бойынша шілде айында Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Ордабасы» капитаны Асхат Тағыберген үздік атанды.

Асхат шілде айында 6 ойын (төрт ойын чемпионатта, бір ойын Кубокта және бір кездесу Конференция лигасында) өткізіп, 3 гол және 4 нәтижелі пас берді. Тағыберген өз ойынымен «Ордабасы» командасына турнир кестесінде көш бастауға, сонымен қатар Қазақстан Кубогының финалына шығуға көмектесті.

Екінші орында – «Мақтаарал» шабуылшысы Рамазан Кәрімов. Ол шілде айында үш ойында екі голмен көзге түсті. Рамазан өзінің нәтижелі ойынымен «Қайсар» және «Қайратқа» қарсы кездесулерде маңызды ұпай жинауға көмектесті.

Үздік үштікті чемпионаттың үздік сұрмергені Жоао Пауло тұйықтады. Бразилиялық өткен айда болған төрт ойында бір гол соғып, нәтижелі паспен көзге түсті.