«Реал» бір маусымға жалға алған қақпашысы Кепа Аррисабалага үшін «Челсиге» бір миллион еуро төлейді.

Қақпашы өзіне 46-шы нөмірді алды. Оның келісімшарты келесі жылдың жаз мезгіліне дейін жасалған.

Айта кетейік, «Реалдың» негізгі қақпашысы Тибо Куртуа ауыр жарақат алып, ұзақ уақыт алаңға оралмайды.