«Қайрат» бас бапкері Кирилл Кекер «Қайрат» – «Тобыл» матчынан кейін орын алған оқиға туралы айтты: «Кездесу соңында болбой допты біздің командаға баяу беріп жүрді. Осыған байланысты мен балаға ашу үстінде ескерту жасадым. Ойын аяқталған соң мен осы матчта болбойлардың әрекетіне жауапты академия тәрбиешісіне наразылығымды білдірдім. Бүгін онымен тағы да жеке сөйлестім. Бір-бірімізді жақсы түсіндік, арамызда ешқандай келіспеушілік қалмады»Бүгін негізгі құрамның спорттық базасына сол болбойды, Әбдірахман Сарбасовты шақырдық. Командамен бірге түскі ас ішіп, ойыншыларымызбен танысты. Бала өзінің кумирі Әділет Садыбеков екенін айтты. Кейін оның сүйікті футболшысы оған өз футболкасын сыйлады.